Бала тәрбиесі...

Тым балажандық (2)

  Сондай-ақ тым балажан отбасылар бала аурып қалмасын, жыламасын, шаршамасын, қиналмасын деген сияқты шамадан артық алаңдап, қорғаушыл әдіс ұстанады. «Сен мұны істей алмайсың, сенің қолыңнан келмейді» деген сияқты алаңдаудан туатын шектеулер кейінгі кезеңдерде баланың өз-өзіне сенімсіздігін, батылсыздықты қалыптастырады. Балаға өзіміз үлгі-өнеге болумен қатар, жасына сай тірліктерді істеп көруіне мүмкіндік беру керек. Баланың жасайтын қателерін ол үшін жетілу мүмкіндігі деп қарап, дамуына қолдау көрсету керек. Бала тәбиесінде өте үлкен пайда тигізетін біршама кеңестер мыналар:

  - Үйде шектеулер, қағидалар болсын және бұлар тек бір тарапты болмауы тиіс, яғни бұл қағидаларды сіздер де орындауларыңыз керек.

  - Жұбайыңызбен бір шешімді болыңыз. Біріңіздің рұқсат бермеген нәрсеге, екіншіңіз де рұқсат бермеңіз.

  - Балаға отбасы ішіндегі біріңіз ұрысып жатса, екіншіңіз оны жақтамаңыз.

  - Іс-әрекеттеріңізбен үлгі болыңыз.

  - Баланың әр қалаған нәрсесін берудің орнына, мұның қажеттілігіне қарай шешім қабылдаңыз.

  - Балаға керек кездерде «жоқ», «болмайды» деп айтуды біліңіз.

  - Балаға кейде (ойын сияқты қалаулардан) бастарта алу керектігін, тоқтай алу керектігін үйретіңіз.

  - Балаға жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін оның жасына сай кішігірім жауапкершілікті тірлік тапсырыңыз және нәтижесінде бұған қуанғаныңызды, алғысыңызды білдіріп марапаттаңыз.

  - Жасына сай істерді тәжірибе етуіне мүмкіндік беріңіз.

  - Баланың жасайтын қателеріне үйрену, жетілу мүмкіндігі ретінде қараңыз.