Сұхбат...

Бақытқа жетудің сырлары

1. Ерте тұруға үйрен!

2. Майда нәрселерді дерт етпе!

3. Адамдарды сынға алудан тыйыл!

4. Анда-санда болса да, көңіл-күйіңнің түсуіне рұқсат ет!

5. Барлық кезде жақсылық жасауға тырыс!

6. Басқаларды кінәлаудан тыйыл!

7. Барлық нәрсені иемденуге тырыспа!

8. Кемшіліксіз бола алмайтыныңды мойында!

9. Сабырлығыңды дамытатын жаттығулар жаса!

10. Барлық кезде жаңа нәрсе үйренуге бейім бол!

11. Сөйлеуден бұрын терең дем ал!

12. Адамдардың көздеріне қара, күлімдеп жүр.

13. Әрқашан сенікі дұрыс бола бере ме? бұл жолы басқалардікі дұрыс болсын!

14. Бір уақытта бірнеше нәрсе жасауға тырыспа!

15. Жаманның да жаманы болады, барлық жағдайда шүкір ет!

16. Күнделікті жағдайларыңнан ғажайып нәрсе табуға тырыс!

17. Бүгініңді соңғы күнің секілді өткіз!

18. Барлық адамдардың келісімін ала алмайтыныңды ұмытпа!

19. Істеген жақсылықтарыңды жасыр!

20. Қазіргі жағдайыңмен бақытты болуға тырыс!

21. Ренішің қоза бастағанда онға дейін сана!

22. Өзіңнен басқалардың бәрін білімді деп ойла!

23. Басқа пікірлерден аз да болса дұрыстық үлесін ізде!

24. Күнде рахмет және алғыс айту үшін де уақыт ажырат!

25. Қарсыласқан әрбір нәрседе жаратқанның ізін назардан тыс қалдырма!

26. Қызмет етуді әдетке айналдыр!

27. Қайтпай ұстанатын көзқарастарыңды жұмсартуға тырыс!

28. Ешкімнің сөзін бөлме, сөйлемін де сен аяқтама!

29. Жете алмай жүргеніңді емес, қолың жеткен нәрсені ойла!

30. Қанша көп болса сонша жақсы деген ойдан аулақ бол!

31. Адамдардың әртүрлі болатынын түсін, сыпайы бол!

32. Адам баласының әрбірі өзі қалыптастырған мінездерден құралғанын ұмытпа!

33. Махаббат сыйымдылығыңды кеңейт және өміріңді махаббатпен толтыр!

34. Өмірдің шындығын өзі бойынша қабылда, себебі өмірде әрқашан әділеттілік бола бермейді!

35. Өлген кезде жасалуы қажет болған жұмыстар тізімінің тола болатынын ескер!

36. 100 жылдан кейін мұнда мүлдем басқа адамдардың болатынын ұмытпа!

Жақсы не жаман ой қар сияқты барған сайын үлкейіп бір күні таудай проблема шығаратынын естен шығарма!