Әдеп-ахлақ...

Ашулану

  Дінімізде ашуланған жағдайда, ашуды жеңу талап етілген. Ашуын тез жеңе алу, тез басу үлкен ерлік. Дініміздің әмірлеріне бағынып, тыйымдарынан сақтанған адам ашуын жеңеді, сабырға қол жеткізеді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

  «Хақ та'ала өзін сабыр етуге мәжбүрлеген адамның сабыр етуін нәсіп етеді.» (Бұхари)

  «Ашуланған адам, қалағанын істеуге күші жете тұра жылы мәміле көрсетсе, Аллаһу та’ала оның жүрегін саламаттық және иманмен толтырады.» (Ибн Әбиддүния)

  «Ашу шайтанның уәсуәсәсынан пайда болады. Шайтан оттан жаралған. От сумен сөндіріледі. Ашуланған кезде дәрет алыңдар.» (Әбу Дауд)

  «Ашуланған адам тұрған болса отырсын, ашуы тарқамаса жатсын.» (Әбу Дауд)

  Ашуланғанда ашуын өзгеден алатындар, әлсіздерді, әйелін, баласын ұратындар кездеседі. Жансыздардың әрекетінен ашуланатындар да бар. Бұл одан да жаман ауру. Қойған жерінен тайып құласа, балтамен ұрған кезде сынбаса, ашуланып жаман сөз айтатын, қырып-жоятын, жағып жіберетін адамдар да кездеседі. Қоғамда өзінің істегеніне ашуланатын, сол үшін өз-өзін балағаттайтын, өз-өзін ұратын адамдар да жоқ емес.

  Адам ашуланған кезде барлық жүйкесі бұзылады. Кейбір мүшелері ауруға шалдығады. Дәрігерлер де мұның емін таба алмайды. Мұның жалғыз емі – «Ла тағдаб» (Ашуланба) хадис шәрифі. Ашуланған адам сөзімен, әрекеттерімен жанындағыларды ренжітеді. Оларды да жүйке ауруларына шалдықтырады. Үйдің тыныштығы қалмайды, берекесі кетеді. Отбасының бұзылуына, тіпті жанның қиылуына да себеп болуы мүмкін. Ашуланатын адам жоқ болса, ол үйде бақ-береке, тыныштықпен қуаныш бар деген сөз. Ашуланатын адам бар болса, ол жерде тыныштық, бақыттылық пен қуаныш болмайды. Мұндай үйдегі ерлі-зайыптылар арасында және ана мен бала арасында сыйыспаушылық, келіспеушілік тіпті дұшпандық та көп болмаса кем болмайды. Ислам үкімдеріне мойынсұнудың, бақыт пен шаттық, қуаныш әкелетінін осы жерден де байқауға болады.