Сұхбат...

Бос келіп бос кетесің

  Әр жүз жылда дүниенің халқы ауысады, яғни бұрынғы өмір сүргендер өлген болып жаңа адамдар шығады. Жүз жылда бір қоғам жоқ болады, яғни өзгереді. Бір замандары басқалардың мүлкі болған нәрселерді қазір біз қолданудамыз, бізден кейін де басқалар қолданады. Бір қонақ үйде тұрсаңыз, ол жерден шығарда “мына төсекті, пердені алып кетемін” дей аласыз ба?! Сізге “ақылыңнан алжасқанбысың бұл сенің мүлкің емес, осы жердікі” деп жауап береді. “Бірақ мен бұл жерде тұрдым” десеңіз де “Бұл жерде тұруға қалай келген болсаң, солай кет!” деп айтады.

  Адамның өмірі жаялық пен кебіннің ортасында өтеді. Екеуі де мата, екеуі де қалтасыз болады. Бос келіп, бос кетесің. Олай болса, алып кете алатын нәрсең өмірде жасаған амалдарың болмақ...

  Қолдан, аяқтан арылғаныңда, яғни ажал құшып табытқа қойылғаныңда намаз, ораза, ілім үйрену тоқтайды. Кебінмен бірге амал дәптерің де жабылады. Бірақ садақа-и жария деп аталатын сенің себебіңмен жүзеге асқан игі істерің болса, не деген бақыт! Біреуге ілім үйреткенің, жақсы ұл-қыз өсіріп, жақсы шәкірт жетілдіріп, артыңнан қалдырған жақсы қызметің, жақсы амалың бар болса, өлгеннен кейін де сауап жазылуы тоқтамайды. Мен қартайғанда, қол-аяқтан арылғанда, бір шетке жинап қойған дүнием болсын, жалға беретін үйлерім болсын деп фәни дүниенің капиталын ойлайтын мұсылман, қалайша өлгеннен кейінгі өмірдің капиталын ойламайды осыны түсінбеймін...

  Сәттілікке жетудің ең үлкен себептерінің бірі рухани сенімділік, күш-қуат. Бір қоғамда өз-ара құрмет, махаббат пайда болса, қызметтер алдыңғы қатарға шығады, өсек әңгімелер азаяды немесе мүлдем жойылады. Оның орнына дұға келеді. Әрине қызметтер көбеюімен Аллаһтың мейірімі, рахметі көбейеді, рахмет көбеюімен мейірімділік артады, мейірімділік артуымен береке артады. Береке көбеюімен адамдардың тыныштығы, бақыты артады. Аллаһ үшін болмаған істе қайыр және махаббат болмайды, бар деп ойланған нәрселердің бәрі алдамшы.