Сұхбат...

Зүл-хиджа айының қасиеті

   Құрбан айт мейрамы болатын ай – Зүл-хиджа деп аталады. Бұл айдың алғашқы 10 күнінде орындалған ғибадаттар өте қадірлі болып саналады. Бұл туралы хадис шәрифтерде былай делінеді: «Зүл-хиджаның алғашқы күндерінде ауыз бекіту бір жыл ораза ұстағанмен; бір түнін ғибадатпен өткізу Қадір түнін ғибадатпен өткізгенмен пара-пар.» (Ибн Мажә).

   «Зүл-хиджа айының алғашқы 10 түнінде жасалған әрбір ғибадатқа 700 есе артық сауап жазылады.» (Бәйһақи).

  «Тәруия күні (Зүл-хиджа айының сегізінші күні, яғни арапа күнінен бір күн бұрын) ораза тұтып, күнә сөз айтпаған мұсылман – Жұмаққа кіреді.» (Рамуз).

  «Зүл-хиджаның алғашқы тоғыз күнінде ораза тұтқан адам әр күні үшін жүз құлды азат еткендей немесе Аллаһ жолындағы мүжаһидтерге жүз ат жібергендей немесе Қағбаға құрбан шалдыру үшін жүз түйе жібергендей сауап алады.» (Р.Насихин).

  «Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінің құндылығы мың күнге тең, Арапа күні болса он мың күнге тең.» (Бәйһақи).

  «Аллаһтың алдында зүл-хиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ. Бұл күндері тәсбихті (Субханаллаһ), тахмид (әлхамдулиллаһ), таһлил (Ла илаһә иллаллаһ) және тәкбірді (Аллаһу әкбар) көп айтыңдар!» (Табарани)

  «Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде ораза тұтқан адамның өмірі берекелі болады, мал-мүлкі көбейеді, бала-шағасы бәлелерден қорғалады, күнәлары кешіріледі, жақсылықтарына көп еселенген сауап беріледі, өлерінде оңай жан тапсырады, қабірі жарық болады. Жаннатта жоғары дәрежелерге қауышады.» (Шир’а)

  Бұл он күнде Әһли сүннет жолының кітаптарын оқу - өте үлкен сауап болады. Дін ғылымын, сүннит сенімін үйрену әрбір мұсылман әйел мен еркекке парыз. Балаларға үйрету ең әуелгі міндет.