Ғибрат...

Кісі сыртынан тон пішу дұрыс емес (1)

  Бір Ислам ғалымы шәкірттеріне дәріс беріп жатып: “Кез келген мәселеде тек белгілер мен ишараларға қарап дереу үкім беру, кесіп айту дұрыс емес. Бұлай істеуден сақтаныңдар, дереу нақты шешім шығармаңдар!” деп мынадай мысал келтіреді: “Мәселен үйлеріңе барғанда, тұмсығына айран жағылған бір иттің үйден шыққанын көрсеңдер және үйге кіргенде айран ыдысы иттің тұмсығы сиятындай ашық тұрса, сонда да өз көздеріңмен көрмегендерің үшін немесе көрген басқа адам болмағаны үшін “Әлгі иттің айран ыдысына тұмсығын тыққаны күмәнсіз” деп нақты шешім қабылдамаңдар!”

  Шәкірттерінің бірі ұстазының бұл айтқандарына іштей наразылық білдіріп, көңілінен: “Ит үйден шыққан болса, айран бетінде із болса, неге нақты шешім қабылдауға болмайды?” деген ой өтеді. Ұстазы шәкіртінің бұл ойын сезеді, бірақ үндемей қоя салады.

  Біраз уақыт өткеннен кейін бұл шәкірт қаланың сыртындағы үйінде, орманды бір жерде мал сояды. Мал сойып жатып дәреті қысады. Қажеттілігін кетіру үшін қолындағы пышағын тастамай талдардың арасына барады. Сол күндерде қалада бір адам пышақталып, қашқан қылмыскерге іздеу салынған болатын. Іздеп жүрген тәртіп сақшылары, талдардың арасында дәретке отырған әлгі шәкіртті, тығылып тұрған адам деп ойлап қасына келеді. Қолындағы пышақ пен үстіндегі қан іздерін көріп, қылмыскер адам осы деген оймен шәкіртті тұтқындап алып кетеді.

(жалғасы ертең)