Ғибрат...

Кісі сыртынан тон пішу дұрыс емес (2)

  Шәкірт бұл қылмысқа ешқандай қатысым жоқ деп қанша айтса да, қолындағы пышақ пен үстіндегі қан іздері күдік тудырып, тергеуге алынуына себеп болады және қазының құзырына шығарылады. Сол уақыттың қазысы (соты), бұл шәкіртке тағылған айыпты және шәкіртті тыңдағаннан кейін: “Өзінде күдік тудырып тұрған бұл адамның, талдардың арасында тығылып тұруы, қолында пышақ, үстінің қан болуы оған деген күдікті арттырып тұрса да, оның пышақтағанын көрген куәгер болмағаны үшін, бұл адам айыптан босатылады.” дейді.

  Шәкірт суи зан етудің (жаман күмәнының) жазасынан бірнеше күн қамауда қалу арқылы оңай құтылған болады. Белгілер мен ишараларға қарап шешім қабылдаудың дұрыс болмайтындығын түсініп, ұстазына істеген суизанына тәубә етеді.

  Қорыта айтқанда нақты білмей және көзбен көрмей тұрып ешбір адам туралы жаман ойда болмау керек және ол адамды жаман деп білмеу керек, хүсни зан ету керек, яғни ол туралы жақсы ойда болу керек. Өзге адам туралы жаман ойлау дұрыс болмағаны секілді, өзгелердің қате және жаман ойлауына себеп болатын іс-әрекеттер істеумен сөздер айту да дұрыс емес. Бұдан да абай болу керек. Сондай-ақ Аллаһу та'алаға да хүсни зан ету керек, яғни “менің күнәларым қанша көп болса да тәубә еткенімде кешіреді” деп ойлау керек және осылай сену керек.

Сіз білесіз бе?...

Атомның үлкендігі

  Бір адам күндіз түні тоқтамастан 65 жыл бойы санаса 3 миллиардқа дейін санай алуы мүмкін. Бүкіл жер бетіндегі адамдар, басқа ешнәрсе істемей тек санауға бір өмір сарп етсе, бір иненің ұшындағы атом санын ғана санап шығуы мүмкін.