Мақала...

Жер-су атаулары (2)

  Бозашы – Маңғыстау облысы, Каспий теңізінің жағалауындағы түбек. Маңғыстау жері қазақ халқының жер кіндігі аталған мекен. Мұндағы «боза» сөзін кей ғалымдар қазіргі ішімдік деген мағынада алып, сол боза жасаушылар деп түсінік берген. Ал бұл қате түсінік.

  Атаудың сыры мынада, көне түркі тілінде «боз» сөзінің, «бод» деген сыңары болған. «З» дыбысы мен «д» дыбысы тарихи тұрғыдан сыңарлас, параллел дыбыстар. «Бод» сөзінің беретін мағынасы адамдардың жиналған жері, тайпа, ру, халық деген мағынаны береді. Ал екінші компоненті «ашығ» сөзі ежелгі түркі тілінде береке, өсіп өну, рахатқа бөлену деген мағынаны береді. Ал сөздің соңындағы «ғ» дыбысы, тілдің даму барысында артық дыбыс боп түсіп қалып отырған. Мәселен қазіргі тіліміздегі «сары» сөзі, бұрынғы көне тілде «сарығ» болған. Кейін «ғ» дыбысы түсіп қалып бізге жеткен. Осы атаудың өзі де Маңғыстау өңірінің алғашқы адамдардың мекен еткен, рахатқа бөленген, берекеге ие болған жері дегенді білдіреді.

   Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында «Бірұйық» деген жер бар. Бірі түсінікті, бұрыңғы заманнан бері өзінің тура мағынасында сандық ұғымдағы сөз. Ал енді «ұйық» деген сөздің түбі туралы әртүрлі пікірлар айтылып жүр. Бірақ менің зерттеуімде «ұйық» сөзі көне түркі тіліндегі «үгілік» сөзі. Үгілік дегендегі сөздің ортасындағы «г» дыбысы тарихи грамматиканың заңдылығы бойынша үш түрлі өзгеріске ұшыраған. Бірінші жағдайда түсіп қалған, екінші бір жағдайда «й» дыбысына айналып кеткен, жаңағы ұйық сөзіндегідей.

  Үгілік сөзі – жайлы тұрмыс, тыныштықта өмір сүру, бала сүю деген мағынаны білдірген. Демек Асан қайғы іздеген «жерұйық» киелі жер деген мағынаны білдірмейді. Асанқайғы киелі жерді іздеген жоқ. Ол бесік тербетіп, ұрпақ өсіретін, жайлы мекен іздеді. Міне Бірұйық сөзінің мағынасы осы тыныш өмір сыйлайтын жер дегенді білдіреді. Жалпы Қазақстанның барлық аймақтарындағы атаулардың барлығы дерлік ежелгі түркі тілдерінің беріп кеткен, ежелгі дүниеден келе жатқан атаулар.

   Филололгия ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Қосымова.