Сұхбат...

Иман және иманның белгілері

Иман – әмәнтуде білдірілген негізгі 6 нәрсеге сену.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Иман – Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, өлімге және өлгеннен кейін қайта тірілуге, жәннатқа, жәһаннамға, есепке, таразыға, тағдырға, жақсылық пен жамандық Аллаһтан екеніне сену болып табылады». Бұларға жүрекпен сену шарт.

Иманның қуаттылығын білдіретін белгілері көп.

Бұл туралы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жақсылық істеген кезде қуанып, күнә істегенде ренжитін адам иманды адам».

«Иман – намаз деген сөз. Кім намаз үшін көңілімен (жүрегімен) дайындалып, намаздарын ықыласпен, парыздар мен сүннеттерді құрметпен оқитын болса, ол адам мүмин».

«Мүминдердің иман тұрғысынан ең қуаттысы, жақсы мінез-құлықпен мінезделген адам. Жанына әркім оңай жақындай алады және келіп-кететін адамдары көп болады. Барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады. Кім айналасындағы адамдармен сыйыса алмаса, ол адамда қайыр жоқ».

«Адамның қай жерде болса да Аллаһты ұмытпауы иманының қуатты екендігін көрсетеді».

«Мына үш нәрсе кімде бар болса иманының ләззатын сезеді:

1) Аллаһ және пайғамбарын барлық нәрседен артық жақсы көретін болса.

2) Бір кісіні тек қана Аллаһ разылығы үшін жақсы көрсе.

3) Күпіршілікке түсіп қалудан отқа түсіп қалғандай қорқатын болса».

«Иманнан болған үш нәрсе:

1) Тапшылық кезде нафақа беру (Жақсылыққа жұмсау)

2) Кездескен мұсылманға сәлем беру.

3) Өзінің зиянына болса да әділетті болу.

«Адамдарды жамандайтын, лағнет айтатын, балағаттайтын, ұяты аз болған адам кәміл мүмин (яғни иманы қуатты) емес».