Сұхбат...

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссала

Мұхаммед алейһиссалам - Аллаһу та’аланың елшiсi әрi пайғамбарлардың ең мәртебелiсi және соңғысы. Әкесiнiң аты Абдуллаһ. Қазіргі жыл санауымен 571 ж. сәуiр айының 20 күнiне сәйкес келетiн 12 рабиал-әууалда дүйсенбi күнi түнде Меккеде дүниеге келдi.

Әкесi ол тумай тұрып қайтыс болған едi. Алты жасында анасы, сегiз жасында атасынан айрылды. Кейiн әкесінің інісі Әбу Талибтың  қолында өстi. 25 жасында хазреті Хадишаға (Хадижат-ул Кубра) үйлендi. Қырық жасында Аллаһу та’ала тарапынан барлық адамзат пен жындарға пайғамбар екендiгi бiлдiрілді. Үш жылдан кейiн жалпы халықты ашық түрде имандылыққа шақыра бастады.

Хижри 11 жылы (милади 632 ж.) Рабиәл әууал айының он екiсi дүйсенбi күнi түскi уақыттан бұрын қайтыс болды. Денесі қайтыс болған бөлмесiне жерлендi. Қайтыс болған кезiнде қамари жыл санауымен 63, шәмси жыл санаумен 61 жаста едi.

Мұхаммед алейһиссалам ақ реңдi болатын. Ол барлық адамдардың iшiндегi ең әдемiсi болатын. Расулуллаһтың бiлiмi, парасаттылығы, санасы, ақылы, зейiнi, жомарттығы, қарапайымдылығы, жұмсақтығы, мейрімділігі, сабыры, қайраты, намысы, сенімділігі, батылдығы, батырлығы, сөйлеу көркемдігі, пәктігі, айбаттылығы, көркемдігі, діндарлығы, ынсаптылығы, шыншылдығы, аманатқа қиянат жасамауы, көңiлiнiң ояулығы, тақуалығы, абыройы, әдiлеттiлiгi және иффеті (ар-ұяты) барлық пайғамбарлардан артық едi.

Дос-дұшпанынан көрген зияндарды кешіретін еді. Ешкімге кек қайтармайтын едi. Ухуд соғысында кәпiрлер мүбәрәк жүзін қанатып, тiстерiн сындырған кезде, оларға: «Йа, Раббым! Оларды кешіре гөр. Бұл істерін олардың надандықтарына бағыштай гөр»- деп дұға еткен.

Мұхаммед алейһиссаламның асыл қасиеттерi мен мiнездерi көп. Әр мұсылманның бұларды үйренiп, осы қасиеттерді өз бойына қалыптастыруы керек. Осылайша дүние және ахыретте пәле-жалалардан, қиындықтардан құтылып, екi дүниенiң мырзасы пайғамбарымыздың алейһиссалам шапағатына қауышуы нәсiп болады.