Аңыз...

Досбол би

Шашты қыпшақтың датқалары Әжуай мен Торғай бақ-күндес болып, бірін-бірі сырттай жамандай беріпті. Сондай екі болысты екі жағына алған Досбол:

Ақ тоныңды жамандап, мақпалды қайдан табарсың.

Алғаныңды жамандап, асқанды қайдан табарсың,

Бір-біріңді жамандап, мақтанды қайдан табарсың,

Жақыныңды жамандап, жақсыны қайдан табарсың,

Араздассаң жақынмен, жатқа олжа боларсың,

Адал болсаң жұртыңа ағалыққа жарарсың,-деп үлкен бастарымен елге ақыл айтудың орнына ұсақ тірліктің құрбанына айналған екеуін береке-бірлікке шақырыпты.

Бірде Жанқожа батырдың арнайы шақыруымен Досбол төменгі елге барып, әйел үшін араздасып, айтысып жүрген ағайын адамдарды былай деп татуластырған екен:

Қаз бедеумен қазанат, шабына түртсең теппейді,

Нәсілі жақсы азамат, шамдандырсаң сөкпейді,

Негізі жаман арам ниет, сен дегенді кектейді,

Іс түскенде басыңа, тумаң қалар қасыңда,

Түбі бірге түртпейді, туысқа ешкім жетпейді.

Әдеп-ахлақ...

Мұсылманның үш қасиеті

Муаз бин Яхья былай деген: «Мұсылманда мына үш қасиет бар болса, ол жақсы деп саналады:

- Мұсылман бауырына пайдасы болмаса да зиянын тигізбеу.

- Оның қуанышына ортақ бола алмаса да, оған қайғы әкелмеу.

- Оны мақтамаса және жақсылықтарын айтпаса да, оны жамандамау».