Денсаулық...

Жадымызды сергек ұстаудың жолдары

Ғалымдар миды қалай жақсы жұмыс істеткізуге болатынын зерттеп, адамның қимыл-қозғалысынан бастап күлімдеуіне дейінгі әрекеттер арқылы миды сергек ұстаудың жолдарын ұсынуда. Олар:

1) Қозғалыста болу, дене жаттығуларын жасау. Әрекетсіздік миға оттегінің жетіспеушілігін туғызады. Мамандардың айтуы бойынша аэробикалық жаттығулар мен ауыр жаттығулар пайдалы болып табылады. Сондықтан әрдайым қозғалыста болу керек.

2) Адам қартайған сайын нейрон деп аталатын жүйке жасушалары өзара байланысын жоғалтады. Бұл байланыстардың (синапс) азаюы адамның ойлану қабілетін нашарлатады. Зерттеулер бойынша жүйелі түрде жасалған жаттығулар кейбір психикалық аурулардың алдын алатынын көрсетеді. Тіпті есте сақтау қабілетін де қайта қалпына келтіретінін болжамдайды.

3) Миды жаттықтыру. Ми өз жұмысын отыз жастан кейін бәсеңдете бастайды. Миды «үйренуші аппарат» деп атайтын зерттеушілер миды жаттықтыру үшін жаттығулар жасау керектігін айтады. Мысалға: тіл үйрену, курстарға бару, өлең жаттау, кітап оқу, семинарға қатысу, семинар өткізу, белсенділікті артыратын жаңа үйірмелермен шұғылдану (мәселен: үстел теннисі), логикалық жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешу, және т.б.

4) Сабырлы болу. Дау-дамай, күйзелістер адамның ми жасушаларына өте зиянды болып табылады. Күйзеліс адамның үйрену және есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізеді.

5) Миды тынықтыру. Ақыл-ойды тынықтырудың ең үлкен тәсілі – ұйқы болып табылады. Зерттеулер бойынша ұйқысы қанған адамдардың есепті екі есе оңай шығаратыны анықталған.

6) Күлімдеп жүру. Әзіл мидың дофамин (адамның қозғалысына, сезім, түйсігіне жауапты) бөлігін жақсартады. Күлу миді сергітеді.

7) Жаспен бірге жетілу. Ғалымдар білгірліктің неврологиялық тұрғыдан қалай жұмыс істейтінін анықтап, адамдардың жасы ұлғайған сайын миллиондаған әлеуметтік жағдайлар мен шындықтар адамның санасына жазылатынын, бұлардың көмегіне кез келген уақытта жүгіне алатынын, мәселені оңай шеше алатынын айтады. Осы себепті қариялар өмірден алған тәжірибесі мол болғандықтан ақыл-ой өрістері кең болып табылады.