Бұл қызық...

Әлемдегі ең улы көлдер

Рио Тинто, (Испания): Бразилияны кезінде португалдық отаршылар ондағы жергілікті қызыл ағаштың атына байланысты осылай атаған екен. Өкініштісі, Рио Тинтода үш мың жылдан астам уақыт бойы алтын, күміс, мыс, никель, молибден өңдірілген...

Карачай, (Ресей): 1975 жылғы Кыштым апатынан кейін көлдің астында өлімге себеп болатын стронциден бастап плутониге дейінгі барша танымал радиоактивті элементтер жерленген.

Читарум, (Индонезия): Қауіпті көлдер қатарындағы Читарум көліне жүзден аса химиялық кәсіпорындардың қалдықтары ағып келеді.

«Қайнап жатқан» көл, (Доминикан Республикасы): Бұл көл су температурасы бойынша әлемде екінші орында деп саналады. Ол – гейзерлік алқап емес, толыққанды көл болып есептеледі. Желдің бағытына байланысты 83-93 Цельсиге тең болған температурада көл жағасында ешбір тіршілік иесі өмір сүре алмайды екен. Көл ыстығы тікелей магмалық жарылымнан шығады.

Көкшіл шығанақ, (Ұлыбритания): Көкшіл шығанақ бұрын Девонширде түрлі тау жынысы шығарылатын және өндірілетін орын болған. Көлдің әдемі түсі уылы заттар концентрациясының мөлшерінен пайда болады. Мысал үшін айтсақ, ондағы pH деңгейі 11,3-ге тең, ал қойылтылған ағартқыштарда – 12,6. Көлге ешкім респираторсыз жақындай алмайды, себебі ондағы аммиактың өткір иісі тіпті егеуқұйрықтарды үркітеді.

Жалғыздық көлі, (Калифорния): Бұл өте ескі және жападан жалғыз қалған көл. Ол Калифорниядағы ең қауіпті өңірлер тізімінде екінші орында тұр. Көлдің Тынық мұхитына шығатын ешқандай мүмкіндігі жоқ, бірақ, тұздылығы соншалық, сілтілігі 10 pH-ты құрайды. Ғалымдар бұл олқылықты мұз дәуірінен қалған әктас-тұз бағандарымен байланыстырып отыр.

Киву, (Конго және Руанда): Көлдің түбінен үнемі метан мен тұншықтырғыш газ бөлініп жатады; олардың жеткілікті мөлшері жиналған сәтте мылтықтан оқ атып немесе жәй ғана сіріңке жағып жіберсе жетіп жатыр...

Мұндай жағдай, тіпті, тарихта болған да. Оның салдарынан үнемі 50-100 км радиустағы тіршілік түгелдей қырылған.