Сұхбат...

Сахабалардың үстемдік дәрежелері

Хазреті Әбу Бәкір пайғамбарлардан басқа адамдардың ең үстемі болып табылады. Мұсылман болудан алдын да Аллаһу та’аланың құдіретімен пұттарға табынған жоқ. Одан кейін адамдардың ең үстемі хазреті Омар. Кейін жақсылықтардың қазынасы, ұяттылық, иман және кемеңгерлік иесі хазреті Осман. Одан кейін таңғаларлық үстемдіктер иесі, Аллаһтың арыстаны хазреті Әли. Кейін ең үстемдері Ашараи Мубашшара, яғни жаннатпен сүйіншіленген он сахаба. Одан кейін Бәдір соғысына қатысқан 313 сахаба. Кейін Ухуд соғысындағы 700 сахабаның барлығы, одан кейін Биат-ур-ридуан, яғни ағаштың түбінде ант берген 1400 сахаба. Одан кейін басқа сахабалар. Олардың барлығы жаннаттықтар (Хадид сүресі 10).

Сахабалардың әр қайсысын үстем, ұлы деп білуіміз керек және әрҚайсысын әділ және салих (жақсы) болғанына сенуіміз керек. Еш қайсысына тіл тигізбей, лағнет етпей, дұшпандық етпей және бір бөлігін жақсы көру үшін басқа сахабаларға дұшпандық жасаудан сақтануымыз керек. Сүйікті пайғамбарымыздың жолында жандарын, мал-мүліктерін пида еткен пайғамбарымызға көмектескен асхаби кирамның барлығының есімдерін құрметпен айту уәжіп болып табылады. Олардың ұлылығына жараспайтын сөздер айту ешқашан жаиз емес. Олардың есімдерін құрметсіздікпен айту азғындық. Пайғамбарымызды жақсы көретін адам, оның сахабаларын да жақсы көруі керек.

Зеректік жұмбағы...

Бала-шаға

Кешегі жауап: 4 ұл және 3 қызы бар.