Тарих...

Әл-Қарауин Университеті (2)

Жылдар өткен сайын Әл-Қарауин университеті кеңейіп, бірнеше мәрте қайта салынды. Бір мезетте 22 мың адам сыйып кететін орын Африкадағы ең үлкен діни мекеме болып табылады. Ыстамбұлдағы «Айя София» немесе Исфахандағы мешітпен салыстырғанда мұнда өзіндік бірегейлік қарапайым сәулеттік көрініс сақталған. Қарапайым ғана ақ бағандар мен аркалар, еденге жарқыраған кілемдердің орнына ши тоқымалар төселген. Дұға оқу залдары адамдардың жан тыныштығын қалпына келтіру үшін көптеген аркалармен бөлінген. Қатар-қатар қойылған аркалар шексіздікті елестетеді. Залдың қарапайым сәулеттік көрінісін бұрыштарға ілінген әшекей бұйымдар, кафедаралар мен ішкі аулалар, еденіне төселген зертас плиталар, ақ бағандарға салынған бедерлер, ағаш бұрандалар мен өнер туындылары аша түседі. Аулада тұрған жабық әсем дүңгіршектерге субұрқақ орнатылған, ол орынға тәу етушілердің жан тыныштығы мен еркін ойлауына жол ашады.

Әл-Қарауин тек көне оқу орны ғана емес, XII ғасырдағы Мағрибтың суретшілік өнерінің қолтаңбасы. Әл-Қарауинды салған кезде қолданылған сәулеттік өнер қайталанбайды және ондағы өнер туындылары басқа ғимараттарда қолданылмаған. Мұндағы барлық декор түпнұсқа болып табылады. Құрылыс салушылар сол кезде әлем архитектурасында танылмаған құрылыс материалдары мен құрылыс салу әдістерін қолданған.

Күлімдейік...

Орынды жауап

Бір тәкаппар адам жамағаттың арасында аяғын созып, керіліп отырған еді. Мұны көрген Қожанасыр да оған қарай аяғын созып алады. Бұған тәкаппар адам ашуланып, айғайлай бастайды:

- «Өй, сен маған құрметсіздік жасайтындай кім едің, сенімен есектің арасында айырмашылық бар ма өзі?» дейді. Сонда Қожанасыр дереу өзімен әлгі адамның арасындағы қашықтықты өлшеп:

- «Есек пен менің арамдағы айырмашылық 3 метр» деп жауап берген екен.