Рамазан сұхбаты ...

Тәһәжжүд және сәре уақыты

Сұрақ: Сәре уақытының маңызы қандай және қалай есептеледі?

Жауап: Сәре уақыты шариғи түннің, яғни күн батуынан имсак уақытына дейінгі уақыт аралығының, соңғы алтыдан бір бөлігі. Бұл уақыт жаз бен қыста көбейіп азаяды. Тәһәжжүд намазының уақыты болса, түннің соңғы үштен бір бөлігі.

Тәһәжжүд намазын түннің жарымынан кейін оқуға болатыны секілді, түннің соңғы үштен бірінде оқу жақсы болады. Сәре уақытында оқу одан да жақсы болады. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Түнде сәре уақытында оқылатын екі рәкат намаз дүние мен дүниенің ішіндегілерден де құнды. Бұл намаз машақат бермегенде, үмметіме парыз қылар едім» (Дәйләми).

«Түнде сәре уақытында және намаздардан кейін жасалған дұға қабыл болады» (Тирмизи).

«Сәре уақытында Аллаһу та'ала: “Истиғфар етіп жатқан адам жоқ па, оны кешірейін. Тілегі барлар жоқ па, сұрағанын берейін, дұғасын қабыл етейін.” деп бұйырады» (Мүслим).

Қазасы бар адам қаза намазына да ниет ететін болса, әрі қазасының борышын өтеген болады, әрі тәһәжжүд намазының сауабына да қауышады. Сәре уақыты дұға мен истиғфарлардың (кешірім тілеудің) қабыл болатын уақыты. Рамазан айында сәре тамағын жеуге тұрғанда, сәре уақытында тұрылған болады. Бұл уақытта дұға етуді ғанимет деп білу керек. Аллаһу та'ала жақсыларды мақтағанда «Олар сәре уақытында истиғфар етеді» деген (Зарият 18). Али Имран сүресінің 17-ші аятында сабыр еткендер, садықтар (сөзде, істе және ниеттерінде тура болғандар), намаз оқитындар, зекет беретіндер және сәре уақытында истиғфар ететіндер мақталуда. Барлығынан кейін истиғфар ететіндердің айтылуы, адамның барлық ғибадатын кеміс деп біліп, әрқашан истиғфар етіп жүруі үшін.