Әдеп-ахлақ...

Тамақтану әдебі

Кәрі бір ғалымнан ұзақ өмір сүруінің сырын сұраған кезде, ол: «Біз екі күнде үш рет тамақ жейміз. Тағамдарды жақсылап пісіреміз, жақсылап шайнап болмағанша жұтпаймыз, қарын ашпай тұрып ештеңе жемейміз, тәбетіміз әлі бар кезде дастарханнан тұрамыз. Таңғы асты ерте жейміз, кешкі асты кеш жейміз, тоқ қарынға ұйықтамаймыз» деді.

Аш қарынға су ішпеу керек.

Суды ақырындап, асықпай ішкен жөн. Ауыз толтырып, судың барлығын бір жұтыммен ішпеу керек. Үш демде бір ішу қажет. Тыныс алғанда демді суға емес, стаканның сыртына шығару керек. Өте мұздай су ішпеуге машықтаныңыз. Түнде ұйқыдан оянған кезде су ішу денсаулыққа зиян.

Аяқта түрегеп тұрғанда және жүріп бара жатқанда ештеңе жемеу керек.

Хадис шәрифте:

«Адамның жүрегі егістіктегі егін сияқты. Ал тамақ жаңбыр сияқты. Шамадан артық су егінді шіріткені сияқты, көп тамақ жеу де жүректі өлтіреді» делінген.

Көп тамақ жеу – аурулардың басы, диета ұстап аз тамақтану – шипаның көзі.

Асқазанның үште бірін тамаққа, үште бірін сусындарға ажырату керек. Қалған үште бірін ауаның үлесі қылып қалдыру керек.

Тамақтанғаннан кейін тістерді мисуакпен тазалау сүннет.

Аз тамақ жеу керек және аз ұйықтау керек.

Тамаққа тойып, тоқ болып жатпау керек. Хадис шәрифте:

«Тоқ болып жатпаңдар, жүректерің қатаяды» делінген.

Кешкі астан кейін аз болса да біраз серуендеместен ұйықтамау керек!

Арабтарда «Таңғы астан кейін жатып мызғып ал, кешкі астан кейін серуенде» сөзі әйгілі.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Кешкі асты тәрк ету қартаюға себеп болады» (Ибн Адий).

«Бір уыс жаман құрма жесеңдер де кешкі асты тәрк етпеңдер!» (Тирмизи).

Таңғы асты ішпестен үйден шықпау керек!

Таңғы асты ішу өте маңызды. Өйткені таңғы асты ішкен адам қарапайым және салмақты болады, сонымен қатар базарда көрген әр нәрсеге көңілі ауып кете бермейді.