Күнтізбе және уақыттар / Уақыттардың анықтамасы

Уақыттардың анықтамасы

Имсак уақыты

Төрт мазһабта даШариғи түнніңсоңы. Яғнифәжри садықдеп аталатын ағарудың шығыстағы сыртқы көкжиек (горизонт) сызығының бір нүктесінде көрінуі. Ораза тұтқанда ауыз бекітетін уақыт осы. Фәжри садық уақытының биіктігі төрт мазһабта да 19 градус.

 

Бамдат намазының уақыты

Таң намазының алғашқы уақыты имсак (фәжри садық) уақыты. Ислам астрономы Ариф бек: «Фәжри Садық, таң шуағы көкжиек үстіне жайылған уақытта басталатыны және бұл уақыт биіктігі -18 градус тіпті -16 градус екендігін білдіретін заиф (әлсіз) қаулылар да бар» деп білдірген. Сондықтан таң намазын біздің сайтта жазылған имсак уақытынан Алматы қаласы үшін қыс айларында 16 минут, жаз айларында 23 минут өткізіп оқу ықтиятты болады.

 

Күн

Таң намазы уақытының соңы. Күннің жоғарғы (үстіңгі) шетінің сол елді мекеннің сыртқы (көрінетін) көкжиек зызығынан шыға бастаған уақыты.

 

Ишрақ(сәске) уақыты

Күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығынан бір найза бойы көтерілген уақыты немесе күннің центрінің шынайы көкжиектен 5 градус көтерілуінен басталатын уақыт. Бұл уақыт күн шығарда басталатын керахат уақытының соңы. Бұл уақыт аралығында, яғникүн”-менишрақуақыты аралығында намаз оқу тахриман (харамға жақын) мәкрух болады. Бұл уақыт Алматыда күн шыққаннан кейін шамамен 50-55 минуттан кейін кіреді. Айт намаздары осы уақытта оқылады.

 

Дахуа-и кубра уақыты

Дахуа-и кубра уақыты оразаға ниет етудің соңғы уақыты. Бұл уақыт ораза мерзімінің, яғни шариғи күндіз уақытының жартысы болып табылады. Шариғи күндіз имсак уақыты мен шам уақытының аралығындағы уақыт. Яғни Дахуа-и кубра уақыты имсақ пен шам уақыттарының қосындысының жартысына тең болады. Бір күн бұрынғы күн батуынан бастап ораза күнінің Дахуа-и кубра уақытына дейін, Рамазан оразасына жүрекпен (көңілмен) ниет ету парыз болып табылады. Нәпіл және уақыты белгілі болған өз бетінше тұтқан нәпіл оразаларға ниет етудің де соңғы уақыты осы уақыт. Қаза мен кәффарат оразасына фәжрден (имсақ уақытынан) кейін ниет етуге болмайды.

 

Зәуал керахат уақыты

КүнніңНисф-ун-нахаршеңберінің бетінде тал түстен, яғни зауал уақытынан тәмкин мерзімі бұрын және кейін болған екі уақыттың арасындағы уақыт. Бұл уақыт бесін намазының кіруінен екі тәмкин бұрын басталады. Бесін намазының кіруімен бітеді. Алматы үшін 25 мин болып табылады. Намаз оқу тахримән мәкрух, яғни харам болған уақыт.

 

Бесін намазы уақыты

Көлеңкелер қысқарып, қайтадан ұзара бастаған кезден басталады. Бесін намазының уақыты асры әууәлге дейін, яғни кез-келген нәрсенің көлеңкесі шынайы зауал уақытындағы ұзындығынан, өз бойындай ұзарғанға дейін немесе асры саниге дейін, яғни кез келген нәрсенің көлеңкесі шынайы зауал уақытындағы ұзындығынан және өз бойынан екі есе ұзарғанға дейін жалғасады. Біріншісі екі имам және қалған үш мазһабтың үкімі бойынша, ал екіншісі Имам Ағзамның үкімі бойынша.

 

Аср (Екінді) намазы уақыты

Екіндіні асры әууәл деп те атайды. Екі имамның (Имам Әбу Юсуф пен Имам Әбу Мухаммедтің) үкімі бойынша аср уақытының басталу мерзімі болып табылады. Қалған үш мазһабтың үкімі де осылай. Кез келген нәрсенің көлеңкесі зауал уақытындағы ұзындығынан, сол нәрсенің бойындай ұзарғанда басталатын уақыт.

 

Асры сани уақыты

Имам Ағзамның үкімі бойынша екінді намазының басталу уақыты. Кез-келген нәрсенің көлеңкесі зауал уақытындағы ұзындығынан, сол нәрседен екі еседей ұзарғанда басталатын уақыт.

 

Екінді керахат (Исфирари шәмс) уақыты

Күн батып жатқанда намаз оқу тахримән мәкрух, яғни харам болған уақыт. Күн сарғайғаннан кейін, күннің төменгі бөлігі сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығына найза бойы қалғанда, яғни күн центрінің шынайы көкжиектен 5 градус қалған уақытта басталатын және батқанға дейінгі мерзім. Яғни тұнық (таза, ашық) ауада күннің сәулелері түскен жерлер немесе өзінің тікелей көзбен қарай алатындай сарғая бастаған уақыттан батқанға дейінгі уақыт аралығы. Бұл уақытИсфирари шәмсуақыты деп аталады. Екінді намазын оқымағандар бұл кәрахат уақытында тек парызын ғана міндетті түрде оқулары керек, намазды қазаға қалдырмауы керек.

 

Шам намазы уақыты

Күн батқаннан кейін басталып, шапақ қарайғанға дейін, яғни қызылдық жоғалғанға дейін жалғасатын уақыт.

 

Шам керахат (иштибаки нужум) уақыты

Жұлдыздар көбейгеннен кейінгі, яғни күннің артқы (жоғарғы) жиегінің сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығынан 10 градус төмендегеннен кейінгі уақыт. Бұл уақыт пен күннің бату уақыты арасындағы уақыт Алматы секілді 43 градустық ендікте жатқан қалалар үшін бір жылда 48 бен 58 минут арасында өзгереді. Шам намазын уақыттың алғашқы бөлігінде оқу сүннет болады. “Иштибаки нужумуақытынан, яғни жұлдыздар көбейгеннен кейінгі, күннің артқы жиегінің сыртқы көкжиек сызығынан 10 градус төмендегеннен кейінгі уақытқа қалдыру харам болады. Ауру, сафари болу, дайын болған тамақты жеу үшін бұл уақытқа дейін кешіктіру жаиз.

 

Құптан намазы уақыты

Құптан иша деген сөз. Ишаи әууәлқұптанның алғашқы уақыты. Батыстағы сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығынан күннің қызылдығының жоғалуымен басталатын уақыт. Яғни күннің үстіңгі жиегінің сыртқы көкжиек сызығынан 17 градус төмендеген уақыты. Құптан намазының уақыты екі имамның (Имам Әбу Юсуф және Имам Мухаммедтің) үкімі бойынша ишаи әууәл уақытында басталады. Қалған үш мазһабта да осылай. (біздің сайтта дәл осы уақыттар берілген)

 

Ишаи сани уақыты

Батыстағы сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығының бетінде ағарудың жойылуымен басталатын уақыт. Күн батқаннан кейін көкжиек астына 19 градус түскеннен кейін, яғни батыстағы қызыл шапақтан кейінгі ағарған нәрсе кеткеннен кейінгі уақыт «иша-и сани уақыты» деп аталады. Құтпан намазының уақыты Имам Ағзамның үкімі бойынша осы уақытта басталады және имсак уақытына дейін созылады.

 

Түн жарымы (1/2 түн уақыты)

Шариғи түн, күннің батуынан фәжірге дейінгі уақыт аралығы. Яғни күннің батуымен басталған шам уақытымен имсақ уақытының аралығы. Бұл екі уақыт арасы екіге бөлініп, шыққан нәтиже шам намазының уақытына қосылса немесе имсақ уақытынан алынса, “түн жарымыуақыты табылады. Шафии мазһабында құптан намазының соңғы уақыты, шариғи түннің жартысына дейін деген ғалымдар бар. Құптан намазын шариғи түннің жартысынан кейін оқу олардың үкімі бойынша жаиз емес. Ханафи мазһабында мәкрух болады.

 

Тәһәжжуд уақыты

Шариғи түннің, яғни күннің батуымен басталатын шам уақытымен имсақ уақыты аралығындағы уақыттың үштен екісі өткеннен кейінгі уақыт. Яғни шариғи түннің соңғы үштен бірі. Тәһәжжуд намазы имсақ уақытынан бұрын оқылады. Тәһәжжуд ұйқыны тәрк ету деген сөз. Күндіз оқылған мың рәкаттан да үстем болады. Қазасы барлардың екі рәкат қаза намазын оқуы, тәһәжжуд намазын оқудан да үстем болады.

 

Сәре (сәһәр, таң сәрі) уақыты

Күн батқаннан бастап, имсак уақытына (таң атқанға) дейінгі уақыттың соңғы алтыдан бірі «сәре уақыты» деп аталады. Ширатул ислам ашықтамасы кітабында былай делінген: “Хадис шәрифте: «Түнгі сәһәр уақытында және намаздардан кейін жасалған дұға қабыл боладыделінген. Дұғаны хамдпен және салауатпен бастау және соңында екі алақанмен бетті сипау сүннет болып табылады.” Бұл уақытта истиғфар айтуды, Аллаһу таалаға жылап-жалбарынуды мүмкіндік деп білу керек. Дүрәр кітабында былай делінеді: “Сәре уақытында желінген тамақ сахур (сәре тамағы) деп аталады.”