Күнтізбе және уақыттар / Күнтізбе туралы

Күнтізбе туралы

Құрметті оқырмандар!

"Түркістан күнтізбесі" арқылы халқымыздың ғибадаттарына аз болса да көмектесу қызметін нәсіп еткені үшін Жаратқанға шүкіршілік етеміз.

Күнтізбемізде берілген намаз уақыттарын соңғы мұсылман мемлекеті болған Османлы ғалымдарының ең жоғары мекемесі «Машихати Исламийа» ұжымы дайындаған х.1334 [м.1916] жылғы «Илмийа салнамасы» атты күнтізбемен Истанбул Университеті құрамындағы Қандилли обсерваториясының 1958 ж. жариялаған «Әуқати шариъийа» (шариғат белгілеген уақыттар) кітабындағы әдістер бойынша есептедік.

Дәл осы уақыттар жайлы 1926 жылғы «Тақуим-и Зийа» күнтізбесінде уақыттардың халифат діни істері мекемесі тарапынан тексерілгендігі атап көрсетілген. Яғни ғибадат уақыттарын есептеуде ғасырлардан бері қолданылып келе жатқан әдістерге сүйендік.

Ғибадаттардың уақыттарын анықтау, белгілеу және жариялау діни сауаттылықты талап етеді. Фиқһ ғалымдары мүжтаһидтерден алған білімдерін фиқһ кітаптарына жазған. Бұрыннан белгілі уақыттарды есептеуге рұқсат бар. Бірақ бұл уақыттарды ислам ғұламаларының мақұлдауы да шарт.

Дін істерінде Ислам ғалымдары және мұсылман астрономия мамандары дұрыстаған намаз уақыттарын пайдалану керек.

Шынайы дін ғалымдарынан және хәйет (астрономия) ілімінің мамандарынан құралған намаз уақытын есептеу ұжымының ең ілгері технологиялармен және астрономиялық есептермен табылған намаз уақыттарының Ислам ғалымдарының ғасырлардан бері қоданып келген “Руб-и Даира” атты құралмен есептеген уақыттарымен бірдей шыққандығы анықталды.

Құрметті муфтилер және есеп мамандарынан құралған ғылыми комиссия тарапынан ең озық технологиямен жасаған есептері арқылы кестеміздегі намаз және ораза уақыттарының дұрыстығы тексерілді. Ғасырлар бойы ғұламалар, шайхулисламдар және бүкіл мұсылмандар ғибадаттарын тек шариғи уақыттарда орындаған. Кестемізде берілген уақыттар да сол ғұламалардың ғасырлар бойы қолданып келген және дұрыстығы әр ғасырдың ислам ғұламасы тарапынан қолдау тапқан әдістері және формулалары арқылы есептелді.

Қазір де бүкіл мұсылмандардың осы Ижма-и муслиминнен (Мұсылман ғалымдарының ауызбірлігінен) айрылмаулары, фәтуаға бағынулары керек.

Күнтізбемізде намаз уақыттарымен қатар Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарынан алынған діни сұхбаттар, насихаттар, тарихи-мәдени деректер, денсаулыққа пайдалы кеңестер, тәлім-тәрбиеге негізделген мақалалар сияқты жалпыға қажетті мәліметтер қамтылған.

Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни жазулар, қасиетті есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз. Жаратқаннан бақытты да тату өмір кешулеріңізді тілейміз. Бізге жаңа пікірлері, сындары және дұғалары арқылы көмектесетін оқырмандарымызға алғысымызды айтамыз.

"Түркістан күнтізбесі" редакциясы

Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 90/533 үй, 2 п. (Сейфуллин даң-ң қиылысы)

Тел: 8 (727) 293 55 98

е-mail: kuntizbe@gmail.com

http://www.kuntizbe.kz