Сұхбат...

Жаннат ниғметтері

   

     Ахиретте күн өткен сайын ниғметтер көбейіп отырады, екі күні бірдей болмайды. Адам білмейтін нәрсесін білетін нәрсесімен салыстыруға дағдыланған. Алайда білінбейтін нәрсе білінетін нәрсемен салыстыруға келмейді. Хадис шәрифте “Дүние ана құрсағына қарағанда жаннат, ал жаннаттың алдында қоқыс секілді” делінген. Қоқыспен жаннатты салыстыруға бола ма? Әрине жоқ... Ана құрсағындағы бала дүниеге келгенінде қандай жағдайларға кезігетінін білмейтіні секілді, жаннатқа кіретін мұсылманның да ол жақта қауышатын ниғметтерін білуі мүмкін емес. Жаннат ниғметтері деп білдірілген бал, жібек, алтын, жүзім, өзен секілді нәрселердің дүниедегілермен ешқандай ұқсастығы жоқ. Бір-бірімен мүлдем салыстыруға келмейді. Тек аттары ғана ұқсас. Жаһаннамдағы от та дүниедегі оттан мүлдем басқа. Бір ұшқыны дүниеге келсе, бүкіл тауларды ерітіп, теңіздерді құрғатады.

    Түспен дүние өмірін де салыстыруға келмейді. Түсте көздеріміз жұмулы болғанымен көп жерлерді көреміз. Тіліміз қимылдамағанымен сөйлейміз. Түсте патша болсаң не пайда? Сәлден соң оянғанда түс екені мәлім болады. Сол секілді дүние өмірі де түске ұқсайды. Негізгі өмір болған ахиретте патша болу керек. Хадис шәрифте: “Адамдар ұйқыда, өлгенде оянады” делінген. Түстегі нәрселер дүниедегі ниғметтермен салыстыруға келмейтіні секілді, дүниедегі нәрселер де жаннаттағы ниғметтермен салыстыруға келмейді.

    Хадис шәрифтерде былай делінеді:

    “Жаннатта ешкімнің көрмеген, естімеген және ойына, қиялына да келмеген ниғметтер бар”.

    “Аллаһу та’ала жаннаттағыларға “бұдан да жақсысын берейін бе?” дейді. Жаннаттағылар “бұдан да үстемі бар ма?” деп сұрайды. “Сендерден үнемі разымын, сендерге ешқашан ашуланбаймын” дейді”.

    “Жаннаттағыдан басқа бүкіл ниғметтер жоқ болады. Жаһаннамдағыдан басқа бүкіл қайғы-қасіреттер тоқтайды”.

    “Жаннаттағы нәрселермен дүниедегі нәрселер арасында тек атауларында ғана ұқсастық бар”.