Сұхбат...

Сеніп дұға ету керек

 

   Аллаһу та'ала таза (бейкүнә) ауызбен жасалған дұғаны қабыл етеді. Осы тұрғыдан егер мүминдер бір-біріне дұға етсе, ол дұға қабыл болады. Өйткені бір мүминнің ауызы басқа мүмин үшін таза саналады. Одан бөлек бір періште «Йа, Раббым, мына құлың пәлен бауырына оның хабарынсыз, артынан дұға етіп жатыр, сұрағандарын осы құлыңа да бер» деп дұға етіп тұрады. Періштелердің дұғасы қабыл болады, өйткені олар мүлдем күнә істемейді. Қорыта айтқанда, әрі дұға етілген, әрі дұға еткен кісі ұтады.

   Аллаһу та'ала Құран кәрімде дұғаларды қабыл ететіне уәде беріп: «Менен сұраңдар, Маған дұға етіңдер,  қабыл етемін» деген. Аллаһу та'ала дұға етушінің қолын бос қайтармайды. Жағдай осындай бола тұра, кейбір мүминдер көп дұға етеді, бірақ нәтижесін бірден көрмегені үшін ренжиді. Марқұм Хусейн бин Саид хазреттері осы жайында: «Аллаһу та'аланың мейірімді болғаны соншалық, қабыл болған дұғалардың нәтижесін құлдары ең қиналған кезінде береді» дейтін еді.

   Мысалы адам қайтыс боларда өте ауыр азаптар шегеді. Сол уақытқа дейін нәтижесі берілмеген әлгі дұғалар осы кезде көмекке келеді. Адам қабірге жерленгенде үрейге түседі. Өмір бақи тілеген дұғаларының бәрі қабірде көмекке келеді. Мизан таразында сауабы кем болып қалса, адам тозаққа кетеді. Дұғалар осында да көмекке келеді. Сырат көпірінен өтіп бара жатқанда және құл (кісі) ақылары есептеліп жатқанда да осылай көмекке келеді. Дұға еткенде «Раббым міндетті түрде қабыл етеді» деп сену керек. Әйтпесе «Қабыл бола ма екен?» деп күмәнданып дұға ету дұрыс болмайды.