Отбасы...

Теледидар және отбасы

Пультті қолға алуымызбен-ақ теледидар бізді басқарады деген мамандар, көгілдір экран алдында көп уақыт өткізбеу керектігін айтуда. Қазіргі таңда 7 жастан 70 жасқа дейінгілердің барлығы теледидар көреді. Әсіресе сериалдар адамды экранға байлап қояды. Сондықтан продюсерлер мен телеканалдар үнемі бір-бірімен жарыс үстінде. Бірақ мамандар сериалдарға деген тәуелділікке көп тоқталуда. Теледидарға деген тәуелділік отбасы ішіндегі қарым-қатынасты да бұзуы мүмкін.

Клиникалық психология мамандары: «Адамдар сериалдардағы өмірге араласып, өздерін сол жерде жоғалтып, өздерінің сезімдерінен алыстауда. Сол себепті сериалдардағы проблемалар өзінің проблемаларынан маңызды болып көрінеді. Барлық нәресі сол сералдарға байланысты болады. Мысалы күлгісі келсе киносын көріп күледі. Өзіміз туралы ойлауды тоқтатқанымыз үшін біздің ең жақсы күнделікті тақырыбымыз сериалдардағы проблемалар болды. Адамдар бұдан былай өзі туралы, жұбайы туралы, жанұясы туралы сөз қозғамайтын болды. Бұл сериалдар менің өмірімнен мүлдем алыс, ішіне мұншалық кіріп кетпеуім керек деп өзін тоқтатпайды. Егер өзін тоқтата алғанда, сериал, теледидар тәуелділігіне түсіп қалмайтын еді. Сондай-ақ сериалдардағы әдепке жат қылықтар, өрескел әрекеттер де уақыт өте қалыпты болып саналатындықтан сондай әрекеттердің қоғамда да тарала бастауы, осыған байланысты ажырасулардың себебіне айналып жатқаны да бар...» деді.

...

Кешегі жауап

Ахмет