Әуелгі күн Бүгін Артқы бет Келесі күн Күндер

Әдеп ахлақ...
Ренжіту

Хусейн Хилми Истанбули “рахметуллаһи та’ала алейһ” былай деген: Ақылды болған адамдар дүниеде тыныштық және бақыт ішінде өмір сүріп, ахиретте азаптан құтылып, шексіз ниғметтерге қауышқысы келеді. Міне сондықтан “Садати әбәдийа” (мәңгілік бақыт) атты кітабымды жаздым. Дүниенің барлық бөлігіндегі адамдарға бақыт жолын көрсету үшін тырыстым. Алдымен өзім үйренуім үшін көп оқыдым. Жылдар бойы жүздеген кітаптарды оқыдым. Тарихты, тасаууф ілімін көп зерттедім. Жаратылыстану ғылымдары туралы көп ойландым. Дүниеде рахатқа және ахиретте шексіз жақсылықтарға қауышу үшін салих мұсылман болу керектігін жақсы түсіндім және сендім. Салих мұсылман болу үшін дін білімдерін Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан үйрену керек. Надан адам салих болу түгілі, мұсылман да болып жарытпайды. Салих мұсылман қандай болатынын “Садати әбәдийа” кітабымда ұзақ білдірдім. Қысқашасы: 1- Әһли сүннет ғалымдарының білдіргеніндей сену керек. 2- Төрт мазһабтан біреуінің фиқһ кітаптарын оқып, дін білімдерін дұрыс үйреніп, соған сәйкес ғибадат ету және харамдардан сақтану керек. Төрт мазһабтың бірінде болмаған немесе төрт мазһабтың оңай жерлерін алып, бір жерге жинаған, яғни мазһабтарды бір-біріне араластырған адамға «мазһабсыз» деп айтылады. Мазһабсыз адам, әһли сүннеттен айырылған балып саналады. 3- Еңбек етіп ақша табу керек. Дінге сәйкес түрде табыс табуы керек. Кедей адам бұл заманда дінін, намысын, ақысын қорғай алмайды. Бұларды қорғап, Исламға қызмет ете алу үшін ғылымның тапқан жаңалықтарынан, жеңілдіктерінен пайдалану керек. Халалдан табыс табу және дініне қызмет ету үлкен ғибадат. Намазға кедергі болмайтын және харам істеуге себеп болмайтын табыс жолы қайырлы, қасиетті болады. 1- Әһли сүннет ғалымдарының білдіргеніндей сену керек. 2- Төрт мазһабтан біреуінің фиқһ кітаптарын оқып, дін білімдерін дұрыс үйреніп, соған сәйкес ғибадат ету және харамдардан сақтану керек. Төрт мазһабтың бірінде болмаған немесе төрт мазһабтың оңай жерлерін алып, бір жерге жинаған, яғни мазһабтарды бір-біріне араластырған адамға «мазһабсыз» деп айтылады. Мазһабсыз адам, әһли сүннеттен айырылған балып саналады. 3- Еңбек етіп ақша табу керек. Дінге сәйкес түрде табыс табуы керек. Кедей адам бұл заманда дінін, намысын, ақысын қорғай алмайды. Бұларды қорғап, Исламға қызмет ете алу үшін ғылымның тапқан жаңалықтарынан, жеңілдіктерінен пайдалану керек. Халалдан табыс табу және дініне қызмет ету үлкен ғибадат. Намазға кедергі болмайтын және харам істеуге себеп болмайтын табыс жолы қайырлы, қасиетті болады.