Біз туралы

Түркістан күнтізбесі сайтымызда Қазақстан қалаларының намаз және ораза уақыттары, Әһли суннет ғұламаларының кітаптарынан алынған діни сухбаттар, насихаттар, тарихи-мәдени деректер, денсаулыққа пайдалы кеңестер, тәлім-тәрбиеге негізделген мақалалар сияқты жалпыға қажетті мәліметтер қамтылған.

Құрметті оқырмандар!

"Түркістан күнтізбесі" арқылы халқымыздың ғибадаттарына аз болса да көмектесу қызметін нәсіп еткені үшін Жаратқанға шүкіршілік етеміз.

Күнтізбемізде берілген намаз уақыттарын соңғы мұсылман мемлекеті болған Османлы ғалымдарының ең жоғары мекемесі «Машихати Исламийа» ұжымы дайындаған х.1334 [м.1916] жылғы «Илмийа салнамасы» атты күнтізбемен Истанбул Университеті құрамындағы Қандилли обсерваториясының 1958 ж. жариялаған «Әуқати шариъийа» (шариғат белгілеген уақыттар) кітабындағы әдістер бойынша есептедік.

Дәл осы уақыттар жайлы 1926 жылғы «Тақуим-и Зийа» күнтізбесінде уақыттардың халифат діни істері мекемесі тарапынан тексерілгендігі атап көрсетілген. Яғни ғибадат уақыттарын есептеуде ғасырлардан бері қолданылып келе жатқан әдістерге сүйендік.

Ғибадаттардың уақыттарын анықтау, белгілеу және жариялау діни сауаттылықты талап етеді. Фиқһ ғалымдары мүжтаһидтерден алған білімдерін фиқһ кітаптарына жазған. Бұрыннан белгілі уақыттарды есептеуге рұқсат бар. Бірақ бұл уақыттарды ислам ғұламаларының мақұлдауы да шарт.

Дін істерінде Ислам ғалымдары және мұсылман астрономия мамандары дұрыстаған намаз уақыттарын пайдалану керек.

Шынайы дін ғалымдарынан және хәйет (астрономия) ілімінің мамандарынан құралған намаз уақытын есептеу ұжымының ең ілгері технологиялармен және астрономиялық есептермен табылған намаз уақыттарының Ислам ғалымдарының ғасырлардан бері қоданып келген “Руб-и Даира” атты құралмен есептеген уақыттарымен бірдей шыққандығы анықталды.

Құрметті муфтилер және есеп мамандарынан құралған ғылыми комиссия тарапынан ең озық технологиямен жасаған есептері арқылы кестеміздегі намаз және ораза уақыттарының дұрыстығы тексерілді. Ғасырлар бойы ғұламалар, шайхулисламдар және бүкіл мұсылмандар ғибадаттарын тек шариғи уақыттарда орындаған. Кестемізде берілген уақыттар да сол ғұламалардың ғасырлар бойы қолданып келген және дұрыстығы әр ғасырдың ислам ғұламасы тарапынан қолдау тапқан әдістері және формулалары арқылы есептелді.

Қазір де бүкіл мұсылмандардың осы Ижма-и муслиминнен (Мұсылман ғалымдарының ауызбірлігінен) айрылмаулары, фәтуаға бағынулары керек.

Күнтізбемізде намаз уақыттарымен қатар Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарынан алынған діни сұхбаттар, насихаттар, тарихи-мәдени деректер, денсаулыққа пайдалы кеңестер, тәлім-тәрбиеге негізделген мақалалар сияқты жалпыға қажетті мәліметтер қамтылған.

Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни жазулар, қасиетті есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз. Жаратқаннан бақытты да тату өмір кешулеріңізді тілейміз. Бізге жаңа пікірлері, сындары және дұғалары арқылы көмектесетін оқырмандарымызға алғысымызды айтамыз.

"Түркістан күнтізбесі" редакциясы

Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 90/533 үй, 2 п. (Сейфуллин даң-ң қиылысы)

Тел: 8 (727) 293 55 98

е-mail: kuntizbe@gmail.com

http://www.kuntizbe.kz

Маңызды дерек

www.namaztimes.kz сайтында жарияланып жүрген намаз уақыттарын соңғы мұсылман мемлекеті болған Османлы ғалымдарының ең жоғары мекемесі «Машихати Исламийа» ұжымы дайындаған х.1334 [м.1916] жылғы «Илмийа салнамасы» атты күнтізбемен Истанбул Университеті құрамындағы Қандилли обсерваториясының «14» санды 1958 ж. жарияланған «Түркияға арналған Әуқати шаръийа» (шариғат белгілеген уақыттар) кітабындағы әдістер бойынша есептедік.

Ғибадаттардың уақытарын анықтау, белгілеу және жариялау діни сауаттылықты талап етеді. Фиқһ ғалымдары мужтаһидтерден алған білімдерін фиқһ кітаптарына жазған. Бұрыннан білдірілген уақыттарды есептеу жаиз, оған рұқсат бар. Бірақ бұл уақыттарды ислам ғұламаларының мақұлдауы да шарт. Бұлардан 1926 жылдағы «Тақуими зия» атты күнтізбеде былай делінеді: «Бұл күнтізбе Діни істер басқармасына қарасты ғылыми кеңес тарапынан зерттеліп, тікелей басқарманың қолдауымен басып шығарылған.» Дін істерінде Ислам ғалымдары және мұсылман астрономия мамандары дұрыстаған намаз уақыттарын пайдалану керек. Әлмалылы Хамди Языр «Сәбил-ур-рәшад» журналының 22-ші томында осы мәселеде анықтама берген.

Шынайы дін ғалымдарынан және хәйәт (астрономия) ілімінің мамандарынан құралған намаз уақытын есептеу комиссиямыздың ең ілгері технологиялармен және астрономиялық есептермен тапқан намаз уақыттарының Ислам ғалымдарының ғасырлардан бері қоданып келген “Руб-и Даира” атты құралмен есептеген уақыттарымен бірдей шыққандығын көрдік. Бір қаланың ең биік ауданына тән болған тәмкин уақытын өзгертуге болмайды. Егер тәмкин уақыты қысқартылатын болса, бесін және одан кейінгі намаздар уақыттарынан бұрын оқылған болады. Оразаға да сәре уақыты шығып кеткеннен кейін басталған болады. Мұндай оразалар және намаздар сахих болмайды. 1982 жылға дейін тәмкин уақыты және күннің намаз уақытына қатысты горизонттан биіктік бұрыштарын ешкім өзгертпей келген еді. Бүкіл ғалымдар, әулиелер, шайхул Исламдар, Муфтилер, бүкіл мұсылмандар ғасырлар бойы намаздарының барлығын үнемі тәмкин қосылған уақыттарда оқыған және оразаларын да тәмкин қосылған уақыттарда ұстаған.

Бүгін де барлық мұсылмандардың осы Иджма-и муслиминнен (Мұсылман ғұламаларының ауызбірлігінен) ажырамай намаздарын шариғи уақыттарда оқулары және оразаларын да шариғи уақыттарда тұтулары керек.
1983 жылдан бұрынғы күнтізбелердің, (күнтізбелерде жарияланып келген намаз уақыттарының) қате еместігін бәрі мойындауда. Бұл орайда ешқандай келіспеушілік жоқ. Мәселен Түркия Діни істер басқармасының 30 наурыз 1988 жылғы “234-497” санды бүкіл муфтияттарға жіберілген нұсқауында «1983 жылдан бұрынғы күнтізбелермен қазіргі қолданылып жүрген жаңа әдістеріміздің арасында тек қана тәмкин уақыты айырмашылығы ғана бар. Сондықтан 1983 жылдан бұрынғы күнтізбелер қате емес» деп жазылған.

Сайтымызда жарияланған намаз уақыттары және ораза кестелерінде тәмкин уақыты және намаз уақыттарына қатысты күннің шариғи горизонттан биіктік бұрыштары мүлдем өзгертілген емес, намаз және ораза уақыттары дұрыс білдірілген. Бір қалада бір ғана тәмкин уақыты болады. Бұл да кез келген бір намаздың астрономиялық формулалармен, астрономиялық горизонт бойынша табылған уақыттан (Астрономиялық есеппен табылған уақыттан) дұрыс уақыт болған яғни шариғи уақытты табу үшін қолданылады. Қысқаша айтқанда тәмкин уақыты: Астрономиялық горизонт бойынша астрономиялық формулалармен табылған уақыттарды Ислам ғалымдарының кітаптарында намаз уақыттары үшін білдірген аспан сферасындағы белгілердің пайда болатын шариғи уақыттарына әкелетін мерзім болып табылады.

Әрбір намаз уақыты үшін бөлек бөлек тәмкиндер жоқ. Күннің шығуы және батуында қолданылуы міндетті, зәру екендігі білдірілген тәмкин мерзімінің жоғарыда да білдірілгені бойынша имсак, құптан және басқа да бүкіл намаз уақыттарында да қолданылуы міндетті. Тәмкин уақытын ықтияттық деп ойлап имсак уақытын 3-4 мин кешіктірген адамның оразасы фасид болатыны, яғни бұзылатыны және ақшам уақытын 3-4 минут ертеге алған адамның оразасымен қоса ақшам намазының да фасид болатыны (яғни бұзылатыны) «Дурр-и йакта» кітабында жазылған.

Төрт мазһабта да Имсак (ауыз бекіту) уақыты шариғи түннің соңында басталады. Яғни фәжри садық деп аталатын таңғы шапақтың немесе ағарудың шығыстағы заһири (көрінетін) горизонт сызығының бір нүктесінде көрінуімен басталады. Ораза да дәл осы уақытта басталады. Яғни күннің үстіңгі шеті заһири горизонт сызығына 19 градус қалғанда басталады. Ислам ғалымдары ғасырлардан бері фәжр биіктігінің горизонттан -19 градус екендігін және басқа сандардың дұрыс еместігін ауызбірлігімен білдірген.  

«Руб-и даира» атты кітабында былай дейді: «Еуропалықтар фәжри садықтың бастамасы ретінде горизонт бетіндегі ағарудың (таңғы шапақ) толығымен жайылған уақытын есептеуде. Сондықтан фәжр есептерінде күннің биіктігін -18 градус деп алуда. Ал біз горизонт бетіндегі ағарудың алғаш көрінген уақытын есептеудеміз. Сондықтан күннің биіктігі -19 градусқа көтерілген уақытын табамыз. Өйткені ислам ғалымдары имсак уақытын таңғы ағарудың горизонт бетіне тараған уақытын емес, таңғы АҒАРУДЫҢ ГОРИЗОНТ БЕТІНДЕ АЛҒАШ КӨРІНГЕН УАҚЫТЫ екендігін білдірген.» Яғни Ислам ғалымдары ғасырлардан бері фәжр (имсак) уақытында  күннің үстіңгі шетінің биіктігі горизонттың астында -19 градус болатынын және басқа сандардың дұрыс еместігін білдірген. Фәтуа осылай берілген. Мүжтаһид емес адамдардың бұл фәтуаны өзгертуге ақылары жоқ. Фәтуаға сай болмаған ғибадаттар сахих болмайды. Мұсылмандардың дін істерінде христиандарға және мазһабсыз дүмшелерге емес, ислам ғалымдарына мойынсұнуы керек.

           
Тәмкинсіз есептелген және күннің горизонт астындағы биіктігі (-18) градус деп есептелген имсак уақыттары қате.

Күннің горизонт астындағы биіктігін (-18) деп алып шариғи ережелерге бағынбай және тәмкин уақытын да мүлдем есепке алмай есептелген кестелерде имсак уақытында шамамен (Қазақстан сияқты координаталары 40-55 градус ендік арасында орналасқан елдердің) Оңтүстік аймақтарында 10-15 минуттық айырмашылықтар, ал солтүстік аймақтарда 30-40 минутқа дейін баратын айырмашылықтар орын алуда. (Бұл жаз айлары үшін.) Осындай тәмкинсіз жасалған кестелердің салдарынан мұсылмандар шынайы ауыз бекіту уақытынан (имсактан) 10-15 минут өткен соң ауыз бекітіп, оразаны бастап жатыр.    

Дәл сол сияқты имсакты есептеудегі тәмкин уақытымен байланысты қателер құптан уақытында да қайталануда.

Құптан намазының уақыты - Имамейннің (яғни Имам Әбу Юсуфпен Имам Мұхаммедтің) үкімі бойынша және басқа да үш мазһабтың үкімі бойынша батыстағы заһири горизонттың, яғни көзбен көрінетін горизонт сызығының бетінде кешкі шапақ-қызғыш реңнің жоғалған уақыты, яғни күннің үстіңгі шетінің горизонт астына -17 градусқа түскен уақыты деп белгіленген. Намаз уақыттары есептелгенде күннің горизонт астындағы имсак уақытына тән болған биіктік бұрышы да өзгертілмеуі тиіс.

Құптан уақыттарын белгілеуде ешқандай дәйексіз
жасалып жүрген қателіктер:

Құптан намазы уақытының дұрыс есептелуі үшін, яғни батыс горизонтта (күннің) қызғыштығының-шапағының жоғалуы үшін міндетті (зәру) болған тәмкин уақыты мұнда да астрономиялық формулалармен табылған құптан уақытына қосылуы керек. Өйткені күннің шығуы және батуында күзетілгендей зәру болған тәмкин мөлшері астрономиялық формулалармен табылған құптан уақытына  қосылмаса, батыс горизонттағы кешкі шапақ-қызылдық жоғалмайды. Батыс горизонтта кешкі шапақтың толық жойылуы үшін уақыттарға міндетті түрде тәмкин мөлшерін қосу шарт. Олай етпеген жағдайда намаз өз уақытынан бұрын, яғни уақыты кірместен оқылған болады. Тәмкин мөлшерін ешқандай ғылими дәйексіз алып тастауының салдарынан 1982 жылы және оған дейінгі жылдарда жарияланған намаз уақыттарындағы құптан уақытымен 1983 жылдан кейінгі жылдарда жарияланған құптан уақыттарында (Қазақстан сияқты координаталары 40-55 градус ендік арасында орналасқан елдердің оңтүстігінде 8-11 минуттық, ал солтүстік аймақтарында 15-25 минуттық) айырмашылықтар орын алуда және құптан намаздары уақыты кірмей тұрып оқылуда.

Осы себептерге байланысты тәмкин мөлшерлерін және сол арқылы намаз уақыттарын өзгерту жаиз емес. Намаз уақыттары есебінде міндетті, зәру түрде қолданылуы тиіс болған «тәмкиннің» сөздіктегі мағынасына қарап, мұны ықтият уақыты деп ойлап, қалың жұртшылықтың ойын осылайша қате тұжырымға бағыттау дұрыс емес. Тәмкин мөлшерін жартылай немесе толығымен алып тастау және имсак уақытына тән болған горизонт астындағы биіктік бұрышын -19 дан -18 градусқа өзгерту шынайы дұрыс болған имсак және намаз уақыттарын өзгерту болып табылады.

Намаз уақыттары қалай есептеледі?
Намаз уақыттары қалай есептеледі?
1 АРАБША PDF Көшіріп алу
2 АҒЫЛШЫНША PDF Көшіріп алу
Қыбла бағыты қалай анықталады?
Қыбла бағыты қалай анықталады?
1 АРАБША PDF Көшіріп алу
2 АҒЫЛШЫНША PDF Көшіріп алу
Уақыттардың анықтамасы

Имсак уақыты

Төрт мазһабта даШариғи түнніңсоңы. Яғнифәжри садықдеп аталатын ағарудың шығыстағы сыртқы көкжиек (горизонт) сызығының бір нүктесінде көрінуі. Ораза тұтқанда ауыз бекітетін уақыт осы. Фәжри садық уақытының биіктігі төрт мазһабта да 19 градус.

Бамдат намазының уақыты

Таң намазының алғашқы уақыты имсак (фәжри садық) уақыты. Ислам астрономы Ариф бек: «Фәжри Садық, таң шуағы көкжиек үстіне жайылған уақытта басталатыны және бұл уақыт биіктігі -18 градус тіпті -16 градус екендігін білдіретін заиф (әлсіз) қаулылар да бар» деп білдірген. Сондықтан таң намазын біздің сайтта жазылған имсак уақытынан Алматы қаласы үшін қыс айларында 16 минут, жаз айларында 23 минут өткізіп оқу ықтиятты болады.

Күн

Таң намазы уақытының соңы. Күннің жоғарғы (үстіңгі) шетінің сол елді мекеннің сыртқы (көрінетін) көкжиек зызығынан шыға бастаған уақыты.

Ишрақ(сәске) уақыты

Күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығынан бір найза бойы көтерілген уақыты немесе күннің центрінің шынайы көкжиектен 5 градус көтерілуінен басталатын уақыт. Бұл уақыт күн шығарда басталатын керахат уақытының соңы. Бұл уақыт аралығында, яғникүн”-менишрақуақыты аралығында намаз оқу тахриман (харамға жақын) мәкрух болады. Бұл уақыт Алматыда күн шыққаннан кейін шамамен 50-55 минуттан кейін кіреді. Айт намаздары осы уақытта оқылады.

Дахуа-икубрауақыты

Дахуа-и кубра уақыты оразаға ниет етудің соңғы уақыты. Бұл уақыт ораза мерзімінің, яғни шариғи күндіз уақытының жартысы болып табылады. Шариғи күндіз имсак уақыты мен шам уақытының аралығындағы уақыт. Яғни Дахуа-и кубра уақыты имсақ пен шам уақыттарының қосындысының жартысына тең болады. Бір күн бұрынғы күн батуынан бастап ораза күнінің Дахуа-и кубра уақытына дейін, Рамазан оразасына жүрекпен (көңілмен) ниет ету парыз болып табылады. Нәпіл және уақыты белгілі болған өз бетінше тұтқан нәпіл оразаларға ниет етудің де соңғы уақыты осы уақыт. Қаза мен кәффарат оразасына фәжрден (имсақ уақытынан) кейін ниет етуге болмайды.

Зәуал керахат уақыты

КүнніңНисф-ун-нахаршеңберінің бетінде тал түстен, яғни зауал уақытынан тәмкин мерзімі бұрын және кейін болған екі уақыттың арасындағы уақыт. Бұл уақыт бесін намазының кіруінен екі тәмкин бұрын басталады. Бесін намазының кіруімен бітеді. Алматы үшін 25 мин болып табылады. Намаз оқу тахримән мәкрух, яғни харам болған уақыт.

Бесін намазы уақыты

Көлеңкелер қысқарып, қайтадан ұзара бастаған кезден басталады. Бесін намазының уақыты асры әууәлге дейін, яғни кез-келген нәрсенің көлеңкесі шынайы зауал уақытындағы ұзындығынан, өз бойындай ұзарғанға дейін немесе асры саниге дейін, яғни кез келген нәрсенің көлеңкесі шынайы зауал уақытындағы ұзындығынан және өз бойынан екі есе ұзарғанға дейін жалғасады. Біріншісі екі имам және қалған үш мазһабтың үкімі бойынша, ал екіншісі Имам Ағзамның үкімі бойынша.

Аср (Екінді) намазы уақыты

Екіндіні асры әууәл деп те атайды. Екі имамның (Имам Әбу Юсуф пен Имам Әбу Мухаммедтің) үкімі бойынша аср уақытының басталу мерзімі болып табылады. Қалған үш мазһабтың үкімі де осылай. Кез келген нәрсенің көлеңкесі зауал уақытындағы ұзындығынан, сол нәрсенің бойындай ұзарғанда басталатын уақыт.

Асры сани уақыты

Имам Ағзамның үкімі бойынша екінді намазының басталу уақыты. Кез-келген нәрсенің көлеңкесі зауал уақытындағы ұзындығынан, сол нәрседен екі еседей ұзарғанда басталатын уақыт.

Екінді керахат (Исфирари шәмс) уақыты

Күн батып жатқанда намаз оқу тахримән мәкрух, яғни харам болған уақыт. Күн сарғайғаннан кейін, күннің төменгі бөлігі сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығына найза бойы қалғанда, яғни күн центрінің шынайы көкжиектен 5 градус қалған уақытта басталатын және батқанға дейінгі мерзім. Яғни тұнық (таза, ашық) ауада күннің сәулелері түскен жерлер немесе өзінің тікелей көзбен қарай алатындай сарғая бастаған уақыттан батқанға дейінгі уақыт аралығы. Бұл уақытИсфирари шәмсуақыты деп аталады. Екінді намазын оқымағандар бұл кәрахат уақытында тек парызын ғана міндетті түрде оқулары керек, намазды қазаға қалдырмауы керек.

Шам намазы уақыты

Күн батқаннан кейін басталып, шапақ қарайғанға дейін, яғни қызылдық жоғалғанға дейін жалғасатын уақыт.

Шам керахат (иштибаки нужум) уақыты

Жұлдыздар көбейгеннен кейінгі, яғни күннің артқы (жоғарғы) жиегінің сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығынан 10 градус төмендегеннен кейінгі уақыт. Бұл уақыт пен күннің бату уақыты арасындағы уақыт Алматы секілді 43 градустық ендікте жатқан қалалар үшін бір жылда 48 бен 58 минут арасында өзгереді. Шам намазын уақыттың алғашқы бөлігінде оқу сүннет болады. “Иштибаки нужумуақытынан, яғни жұлдыздар көбейгеннен кейінгі, күннің артқы жиегінің сыртқы көкжиек сызығынан 10 градус төмендегеннен кейінгі уақытқа қалдыру харам болады. Ауру, сафари болу, дайын болған тамақты жеу үшін бұл уақытқа дейін кешіктіру жаиз.

Құптан намазы уақыты

Құптан иша деген сөз. Ишаи әууәлқұптанның алғашқы уақыты. Батыстағы сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығынан күннің қызылдығының жоғалуымен басталатын уақыт. Яғни күннің үстіңгі жиегінің сыртқы көкжиек сызығынан 17 градус төмендеген уақыты. Құптан намазының уақыты екі имамның (Имам Әбу Юсуф және Имам Мухаммедтің) үкімі бойынша ишаи әууәл уақытында басталады. Қалған үш мазһабта да осылай. (біздің сайтта дәл осы уақыттар берілген)

Ишаи сани уақыты

Батыстағы сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығының бетінде ағарудың жойылуымен басталатын уақыт. Күн батқаннан кейін көкжиек астына 19 градус түскеннен кейін, яғни батыстағы қызыл шапақтан кейінгі ағарған нәрсе кеткеннен кейінгі уақыт «иша-и сани уақыты» деп аталады. Құтпан намазының уақыты Имам Ағзамның үкімі бойынша осы уақытта басталады және имсак уақытына дейін созылады.

Түн жарымы (1/2 түн уақыты)

Шариғи түн, күннің батуынан фәжірге дейінгі уақыт аралығы. Яғни күннің батуымен басталған шам уақытымен имсақ уақытының аралығы. Бұл екі уақыт арасы екіге бөлініп, шыққан нәтиже шам намазының уақытына қосылса немесе имсақ уақытынан алынса, “түн жарымыуақыты табылады. Шафии мазһабында құптан намазының соңғы уақыты, шариғи түннің жартысына дейін деген ғалымдар бар. Құптан намазын шариғи түннің жартысынан кейін оқу олардың үкімі бойынша жаиз емес. Ханафи мазһабында мәкрух болады.

Тәһәжжуд уақыты

Шариғи түннің, яғни күннің батуымен басталатын шам уақытымен имсақ уақыты аралығындағы уақыттың үштен екісі өткеннен кейінгі уақыт. Яғни шариғи түннің соңғы үштен бірі. Тәһәжжуд намазы имсақ уақытынан бұрын оқылады. Тәһәжжуд ұйқыны тәрк ету деген сөз. Күндіз оқылған мың рәкаттан да үстем болады. Қазасы барлардың екі рәкат қаза намазын оқуы, тәһәжжуд намазын оқудан да үстем болады.

Сәре (сәһәр, таң сәрі) уақыты

Күн батқаннан бастап, имсак уақытына (таң атқанға) дейінгі уақыттың соңғы алтыдан бірі «сәре уақыты» деп аталады. Ширатул ислам ашықтамасы кітабында былай делінген: “Хадис шәрифте: «Түнгі сәһәр уақытында және намаздардан кейін жасалған дұға қабыл боладыделінген. Дұғаны хамдпен және салауатпен бастау және соңында екі алақанмен бетті сипау сүннет болып табылады.” Бұл уақытта истиғфар айтуды, Аллаһу таалаға жылап-жалбарынуды мүмкіндік деп білу керек. Дүрәр кітабында былай делінеді: “Сәре уақытында желінген тамақ сахур (сәре тамағы) деп аталады.”

Биылғы 2021 (хижри 1442/1443) жылдағы қасиетті күндер мен түндер

Григориандық: 2021 | Хижри: 1442-1443

Қасиетті күндер

Хижри жылсанағы бойынша күндер

(1442-1443)

Григориандық жылсанақ бойынша күндер (2021)

Күндер

       

Үш айлардың басталуы

1 Ражап (1442)

13 ақпан (2021)

сенбі

Рағаиб түні

6/7 Ражап (1442)

18/19 ақпан(2021)

бейсенбі/жұма

Миғраж түні

26/27 Ражап (1442)

10/11 наурыз (2021)

сәрсенбі/бейсенбі

Бәрат түні

14/15 Шабан (1442)

27 /28 наурыз (2021)

сенбі/жексенбі

Рамазан айы

1 Рамазан (1442)

13 сәуір (2021)

сейсенбі

Қадір түні

26/27 Рамазан (1442)

8 /9 мамыр (2021)

сенбі/жексенбі

Ораза айттың

I-түні

30 Рамазан/1 Шәууал (1442)

12/13 мамыр (2021)

сәрсенбі/бейсенбі

Ораза айттың

I-күні

1 Шәууал (1442)

13 мамыр (2021)

бейсенбі

Ораза айттың

II-күні

2 Шәууал (1442)

14 мамыр (2021)

жұма

Ораза айттың

III-күні

3 Шәууал (1442)

15 мамыр (2021)

сенбі

Тәруия күні

8 Зүл-хиджа (1442)

18 шілде (2021)

жексенбі

Арапа күні

9 Зүл-хиджа (1442)

19 шілде (2021)

дүйсенбі

Арапа түні

9/10 Зүл-хиджа (1442)

19 /20 шілде (2021)

дүйсенбі/сейсенбі

Құрбан айттың

I-күні

10 Зүл-хиджа (1442)

20 шілде (2021)

сейсенбі

Құрбан айттың

II-күні

11 Зүл-хиджа (1442)

21 шілде (2021)

сәрсенбі

Құрбан айттың III-күні

12 Зүл-хиджа (1442)

22 шілде (2021)

бейсенбі

Құрбан айттың

IV-күні

13 Зүл-хиджа (1442)

23 шілде (2021)

жұма

Мухаррам (хижри жаңа жыл) түні

29 Зүл-хиджа/1 Мухаррам (1442-1443)

8/9 Тамыз (2021)

жексенбі/дүйсенбі

Хижри жаңа жыл күні

1 Мухаррам (1443)

9 Тамыз (2021)

дүйсенбі

Ашура түні

9/10 Мухаррам (1443)

17/18 тамыз (2021)

сейсенбі/сәрсенбі

Ашура күні

10 Мухаррам (1443)

18 тамыз (2021)

сәрсенбі

Мәуліт түні

11/12 Рабиул-әууәл (1443)

17/18 қазан (2021)

жексенбі/дүйсенбі